Токиода індет өршіп барады

1276

Синдзо Абэ эпидемиологиялық жағдайға байланысты Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысудан бас тартқан болатын. 

Токиода індет өршіп барады

Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токио қаласында коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімшілігінің статистикалық мәліметіне сілтеме жасап. Соңғы 24 сағат ішінде Жапония астанасында 3177 науқас тіркелді. 

27 шілдеде 2 848 адамның ауруға шалдыққаны хабарланған еді. Бұл 7 қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ол кезде 2520 тұрғын вирус жұқтырған болатын. 
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Жапония астанасында 12 шілдеден бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол 22 тамызға дейін созылады. 1 шілдеден бастап Олимпиадаға қатысы бар шетелдіктер мен жапониялықтар арасында, соның ішінде спортшылар, қызметкерлер және делегация мүшелері арасында ондаған адамның инфекция жұқтырғаны тіркелді.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ эпидемиологиялық жағдайға байланысты Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысудан бас тартты. Шектеулерге байланысты Жапония азаматтарына рәсімге қатысуға тыйым салынды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу