Токиода Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекелері басталды

1081

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Токиода Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекелері басталды

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командсы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды. 

Сондай-ақ, бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады.

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу