Токиода 32-ші жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Шара Жапония астанасындағы ұлттық стадионда өтіп жатыр. Індетке байланысты биылғы шара көрермендерсіз ұйымдастырылды.
Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті бұл рәсім үшін 118 миллион доллардай қаражат бөлген. Бұл – жазғы ойындар тарихындағы ең қымбаты.
Бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Тосиро Муто вирус жұқтырғандар саны көбейіп кетсе, Олимпиаданы тоқтатуы мүмкін екенін айтқан еді.
"Қанша адам коронавирус жұқтыратынын болжай алмаймыз. Егер ондай жағдай болса, не істеу керегін ойланып, ақылдасамыз", – деді Муто.
Кейінірек Токио-2020 өкілі Олимпиада ұйымдастырушылары "100% ойынды ойдағыдай өткізуге бағытталған" деп сендірді.
Табиғат Нұрболат
Фото: news.sky.com