Жапондық БАҚ хабарлауынша, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ егер Олимпиада ойындары толық көлемде өткізілмесе, онда Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиадалық ойындарды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдау қажет болуы мүмкін деп мәлімдеді.
"Егер Олимпиаданы толық форматта өткізу қиын болса, біз алдымен спортшылар туралы ойлануымыз керек, сондықтан бізге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдауға тура келеді", – деді Абэ журналистерге.
Премьер-Министр Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтынын және Жапония Олимпиаданы толығымен тоқтату мәселесі күн тәртібінде жоқ деген пікірмен келісетіндігін айтты.
ХОК президенті Томас Бах бұған дейін Токиода 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын қайта жоспарлау туралы түпкілікті шешім төрт аптадан кейін қабылданады деп айтқан болатын.