27-28 сәуір күндері Жапонияның Токио қаласында синхронды жүзуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Қазақстандық спортшылар екі бағдарлама бойынша сынға түседі, деп жазады Olympic.kz.
Токиодағы турнирге әлем үздіктері тегіс жиналмақшы. Бас бапкер Әлия Каримованың айтуынша, бұл әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды жарыстардың бірі.
Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар дуэт және аралас дуэт бойынша өнер көрсетеді.
Техникалық дуэттен Александра Немич пен Екатерина Немич бақ сынаса, аралас техникалық дуэтте Әйгерім Исаева мен Олжас Маханбетияровтің аяқ алысын бақылаймыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу