Токиода су спорты түрлеріне арналған орталық салтанатты түрде ашылды

754

Олимпиада кезінде аталған спорт кешені жүзуден, суға секіруден және әртістік жүзуден өтетін жарыстарды қабылдайды.

Токиода су спорты түрлеріне арналған орталық салтанатты түрде ашылды

Токиода Олимпиада ойындарына арналған су спорты түрлері орталығы салтанатты түрде ашылды, деп жазады Olympic.kz. 

Олимпиада кезінде аталған спорт кешені жүзуден, суға секіруден және әртістік жүзуден өтетін жарыстарды қабылдайды.  Ал Паралимпиада ойындарында орталықта жүзу бәсекелері өтеді. 

Айта кетелік, суға жүзу жарысы Олимпиаданың алғашқы аптасына жоспарланған. Ал әртістік жүзуден дуэт және командалар арасындағы жарыс екінші аптада ұйымдастырылады. 

Суға секірушілер сайысы екі апта көлемінде өтеді деп жоспарлануда.  Токиодағы су спорты түрлеріне арналған орталықта он жолақты негізгі бассейн, қосымша бассейн және суға секірушілерге арналған бассейн бар. Ойын кезінде орталыққа 15 мың көрермен сыйып кетеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу