Токиода тректегі велоспорттан ел намысын кімдер қорғайды?

631

24 шілде күні басталатын Токио Олимпиадасында тректегі велоспорттан ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды деп жазады Olympic.kz.   

Токиода тректегі велоспорттан ел намысын кімдер қорғайды?

Тректегі велоспорттан Қазақстан командсы Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алған болатын. 

Бапкерлер шешімі бойынша темптік түр бойынша Артем Захаров, спринт бойынша Сергей Пономарев Олимпиадада бақ сынайды. 

Токио Олимпиадасында тректегі велоспорт додасы 1 тамызда басталады. 

Айта кетелік, бұған дейін тас жолдағы велоспорттан Токио ойындарында сынға түсетін Қазақстан командасының құрамы жарияланған болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу