Токиодағы Grand Slam турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

250

Қазақстан атынан ерлеріміз 7 салмақта, әйелдер 4 салмақта татамиге шығады.

Токиодағы Grand Slam турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды Фото: Olympic.kz

Жапония астанасы Токиода дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Аталған бәсеке 2-3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Olympic.kz порталының жазуынша, Қазақстан атынан ерлеріміз 7 салмақта, әйелдер 4 салмақта татамиге шығады. Жарысқа қатысатын спортшылар қатарында Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионатынан жүлде алған тұңғыш қазақ қызы Абиба Әбужақынова да бар.

Токиодағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан командасы:

Ерлер:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

66 келі: Нұрзат Сәлімбаев, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі: Ғалия Тынбаева, Абиба Әбужақынова

63 келі: Эсмигүл Куюлова

70 келі: Екатерина Токарева

+78 келі: Кәмила Берліқаш, Назгүл Маратова

Айтулы додада әлемнің 88 елінен 534 спортшы бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу