Токиодағы Қазақстан құрамасының көрсеткіші қыркүйекте қорытындыланады

758

2021 жылы қыркүйек айының соңына дейін Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы көрсеткішіне қатысты қорытынды шығарылады, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Токиодағы Қазақстан құрамасының көрсеткіші қыркүйекте қорытындыланады

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді. 

"Жақын арада Қазақстан ҰОК республикалық федерациялармен бірлесе отырып, ұлттық құраманың көрсеткішіне қатысты сараптама жұмыстарын жүргізеді. 10 қыркүйекке дейін спорттық федерациялар Олимпиада қорытындысы бойынша нақты есеп өткізеді. Сондай-ақ, сәтті немесе сәтсіз өнер көрсетулерінің себебін түсіндіреді. 

Қыркүйектің аяғына қарай біз Олимпиада ойындарын түбегейлі қорытындылаймыз. Содан соң басқа жұмыс басталады. Қателіктермен жұмыс істеп, келесі олимпиадалық циклге дайындаламыз. Айта кету керек, бізде уақыт аз. Париж Олимпиадасының басталуына бар болғаны үш жыл қалды", - деді Андрей Крюков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу