Көлік ұшағы мен JAL лайнерінің соқтығысуы салдарынан көлік ұшағының бес экипаж мүшесі опат болды, деп жазады inbusiness.kz сайты NHK телеарнасына сілтеме жасап.
"Көлік ұшағының бес экипаж мүшесі қаза тапты", — делінген телеарнаның материалында.
Елдің жағалау күзетінің мәліметі бойынша, өртеніп жатқан ұшақтан эвакуациялауға мүмкіндік алған DHC-8 ұшқышының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Токио қаласындағы "Haneda" әуежайында Japan Airlines ұшағының өртенгенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу