Тоқмади ісі бойынша басты сот отырысы қайта басталды

753

Тоқмади ісі бойынша басты сот отырысы қайта басталды

Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отырған бизнесмен әрі "Депутаттық корпус" ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс бойынша басты Таразда сот отырысы қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоқмәди 2018 жылдың 8 наурызында 19 сағат 20 минут шамасында Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кеткен. Ол ауруханаға денсаулығы нашарлағаны жайлы шағым түсірген соң жеткізілген болатын. Арнайы жүргізілген шаралардың арқасында, жеті сағаттан кейін ҰҚК қызметкерлері Мұратхан Тоқмәдиді Тараз қаласында ұстап, Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіне қамады.

Бүгін Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында банкир Ержан Тәтішевтің өлімі жөніндегі қылмыстық іс бойынша процесс басталды. Оған төрағалық етіп отырған Азамат Тілепов отырыстың басында, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Тоқмәдиге қашуының себебін сұрады. Бірақ сотталушы бұл сұраққа жауап бермеді.

"Сізге қандай да бір қысым көрсетілді ме?" - деп сұрады судья. Оған сотталушы: "Жоқ, қысым көрсетілген жоқ", - деп жауап берді.

Одан соң күннің алғашқы жартысында іске қатысы бар ҰҚК бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың видеобайланысы тыңдалатыны жарияланды. Жауап алу кезінде мемлекеттік құпиялар айтылуы мүмкін екеніне байланысты, журналистерден залдан шығуын сұрады. Тоқмәди ісі бойынша жарыссөздер күннің екінші жартысына көшірілді.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іске 130 куәгер шақырылып, соның 73-інен жауап алынған, 57-сінің жауабы жарияланған. Куәгерлердің түсініктемелерінен сотталушы Мұратхан Тоқмәди мен өлтірілген банкир Ержан Тәтішев, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев және өлтіруге тапсырыс берген қашқын олигарх Мұхтар Әблязов арасындағы қатынастардың жалпы картинасы белгілі бола бастады. Мемлекеттік айыптаудың өкілі сот талқылауы барысында аты аталған және Ержан Тәтішевтің өліміне қатысы бар тұлғаларға қатысты материалдар жеке қылмыстық іске жіктеліп, тергеу жүргізілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу