Тоқтар Әубәкіров коронавирусқа шалдықты

1008

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров коронавирус індетіне шалдықты, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы ҚР Президентінің Іс Басқармасы медициналық oрталығы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

  Тоқтар Әубәкіров коронавирусқа шалдықты

"Тоқтар Әубәкіров 21 тамыз күні біздің медициналық орталыққа жүгініп, терлеу, әлсіздік және жөтелдің мазалағанын айтты. Сәйкесінше жедел медициналық жәрдем жөнелтілді. Қарау барысында науқастың жағдайы тұрақты болды, сатурация 95%, дене қызуы 36.6 болды. Сол сияқты ПТР-тест тапсырды, оның нәтижесі оң болып шықты. Және ПТР-тестің нәтижесіне сәйкес науқасқа қосымша медициналық нұсқаулық берілді. Пациенттің айтуынша, 6 күн бойы ауырған және үй жағдайында ем алған. Осыған дейін аурухана көмегіне жүгінбеген", - деп хабарлайды аталған мекемеден.

Отандық ұшқыш қазіргі уақытта елордадағы инфекциялық орталықта ем алып жатыр.

"23 тамыз күні Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасының мобильді бригадасы пациенттен медициналық анализ алып, көкірек сегментіне компьютерлік томография жасалды. Лабораториялық зерттеу нәтижесінен соң науқасқа Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталықта ем алуға жолдама берілді. Пациент ауруханаға жатудан бас тартты. 24 тамыз күні таңертең мамандар науқаспен сұхбаттасты, содан соң сырқат орта ауыр жағдайдағы коронавирус індетімен қалалық инфекциялық орталыққа жатқызылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған аурухананың мәліметіне сенсек, Тоқтар Әубәкіров індетке қарсы вакцина алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу