"Байқоңыр" ауданында ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді

1063

 "Байқоңыр" ауданында ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді

Жаңадан құрылған "Байқоңыр" ауданында Ғарышкерлер күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін Астанада жаңадан құрылған "Байқоңыр" ауданында ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді. Журналистерге берген сұхбатында қазақ елінің тұңғыш ғарышкері аудан атауына байланысты ойын білдірді.

"Мен жаңа аудан ашылғанын және оған "Байқоңыр" атауы берілгенін білгенде... Әрине, кімде кімнің "Байқоңырмен" байланысы болса, әрине олар үшін жеңіс. Яғни бізді ел президенті де, әкім де ұмытпаған. Олар Байқоңырдың біз үшін, ел үшін, Астана үшін өте маңызды екенін көрсетті. Мен тұрғындарды жаңа ауданның құрылуымен құттықтаймын", - деді Тоқтар Әубәкіров.

Салтанатты іс-шара барысында ғарышкерге құрмет көрсетіліп, келушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды. "Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Каналимов шараға қатысушыларды құттықтап, бұл күннің қазақ елі үшін өте ерекше мереке екенін айтты.

"12 сәуір Қазақстан Ғарышкерлер күнін атап өтеді. Біздің ел үшін бұл ерекше күн, дәп біздің елден адамзат баласы ғарышқа аттанды. Елімізде әлемде үлкен ғарыш айлағы бар. Бүгінде "Байқоңыр" ең ірі ғарыш айлықтарының бірі. Еліміздің ғарыштық бағдарламаларға қатысуы көптеген құжаттарда бекітілген. Біз қазақстандықтар еліміздің аумағында әлемдегі ірі ғарыш айлағының орналасқанына мақтанамыз. "Байқоңыр" ауданы тұрғындарының атынан қазақ елінің батырларын атаулы мереке ғарышкерлер күні мен құттықтаймын", - деді Ерлан Каналимов.

12 сәуір күні бар әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін атап өтеді. 1961 жылы 12 сәуірде "Восток" ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет адамзат баласы ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу