Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына орай 100 түп қарағай егілді

228

Ғарышкердің мерейтойы туған жерінде ерекше аталып өтті.  

Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына орай 100 түп қарағай егілді Фото: gov.kz

Қарқаралыда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасып жатыр. Кезекті сенбілік осы өңірдің тумасы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара басталар алдында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусин мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

– "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауданда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық тазалаумен қатар көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгін біз 100 қарағай ектік, алдағы уақытта бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – деді денсаулық сақтау саласының ардагері Серік Жекеұлы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу