Тоқыма фабрикасына шикізат жетіспейді

1509

Тоқыма фабрикасына шикізат жетіспейді

Қазақстандағы бірегей жоба "Caspiy Lana Atyrau" тоқыма фабрикасы өткен жылы 100 тонна түйе және қой жүнін өңдеп, 8 мың дана өнімін нарыққа жіберілген. Ал, қазіргі уақытта кәсіпорында біраз қиыншылық туындаған. Соның бірі - шикізат мәселесі, деп хабарлайды abctv.kz.

Облыста 30 000 мыңнан астам, ал көршілес Батыс Қазақстан обылысында 20 000 мыңнан астам түйе болғанымен, шаруа қожалықтары түйе жүнін кәдеге жаратуға асығар емес.

Кәсіп иесі Назгүл Есмақанованың айтуынша ешкі жүні мүлдем жоқ екен. Бұған дейін кәсіпкер шикізатты Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан және Дағыстаннан әкелген. Бұл кәсіпкерді алаңдатқан мәселенің бірі ғана.

Мамандардың айтуынша өңірдегі шаруалардан қытайлықтар келіп арзан бағаға жүн сатып алады екен. Енді бүгінде тоқыма фабрикасы өндіретін таза, экологиялық сапалы өнімдерге ішкі нарықта сұраныз аз. Ал бұл өнімге шетелдіктердің қызығушылығы басым. Мәселен, бұған дейін Қытайға жіберілген жүн өнімдері, енді ТМД, Европа елдеріне экспортталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу