Тоқыма матасының көлемі 12,6%-ға артты

714

Тоқыма матасының көлемі 12,6%-ға артты

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 43,1 млн доллардың 24,7 мың тонна тоқыма матасын экспорттады, деп хабарлайды Baq.kz.

2017 жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 12,6% артқан, ал ақшалай көлемі 40,2%-ға қысқарған.

Бәрінен көп тоқыма мата Латвия (9,8 млн долларға 5,9 мың тонна) мен Молдоваға (11,1 млн долларға 6,5 мың тонна) жөнелтілді.

Бұдан өзге 6,6 млн долларға Ресейге 4,1 мың тонна, 6,4 млн долларға Қытайға 4,2 мың тонна, 2,6 млн долларға Түркияға 1,6 млн тонна және 881,5 мың долларға Өзбекстанға 654,2 тонна жіберілді. Сондай-ақ, Литваға 651,1 тонна, Италияға 160,1 тонна экспортталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу