"Төл теңге күні": Ұлттық банк мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады

386

Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар.

"Төл теңге күні": Ұлттық банк мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк ҚР ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 2023 жылғы 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоға сілтеме жасап.

Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің "₸" белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – "Мёбиус лентасы" бар.

Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен "₸" белгісі түріндегі Спарк элементі бар.

"Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті", делінген банк хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу