Төл теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды

142

Бұл крипто-фиат каналын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.  

Төл теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды Фото: nationalbank.kz

Ұлттық Банк цифрлық активтер бойынша реттеуші сынақ алаңы аясында теңгеге байланған стейблкоин шығару бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰБ таратқан ақпаратқа сүйенсек, стейблкоинді реттеуші сынақ алаңының қатысушысы  Intebix компаниясы (АХҚО-да тіркелген цифрлық активтер биржасы) Solana (халықара  лық блокчейн-платформасы), Mastercard (халықаралық төлем жүйесі) серіктестерімен және Еуразиялық банкпен бірлесіп іске қосты.

Теңгемен отандық стейблкоинді іске қосу цифрлық инновациялық шешімдерді дәстүрлі қаржы инфрақұрылымымен біріктіріп, крипто-фиат каналын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Яғни, криптовалютаны теңгемен қамтамасыз етілген стейблкоинге айырбастауға және криптокарталарды пайдалана отырып сауда операцияларын жүргізуге мүмкіндік туады.

Бұл жоба – инновациялық цифрлық құралдар мен Қазақстанның цифрлық активтер нарығын дамытуды қамтитын Ұлттық банктің ұлттық цифрлық активтер экожүйесін қалыптастыру стратегиясының бөлігі.

"Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық қаржы өнімдерінің әлеуетін толық пайдаланып, іске қосуды тапсырды. Биыл Ұлттық Банк цифрлық активтерді реттейтін сынақ алаңын іске қосып, заңнамаға оның жұмыс істеуіне қажет түзетулер әзірлеген болатын. Қазір реттеуші сынақ алаңы аясында төрт бағыт бойынша сегіз пилоттық жоба іріктеліп алынды, оның алғашқысы – Қазақстан стейблкоині", – деді Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов.

Стейблкоиндар – фиат ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық активтер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу