Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 мамырдағы доллардың орташа бағамы 328,76 теңге болды. 3 мамырдағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (331,00/$1) ұлттық валюта 1,96 теңгеге нығайды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу