Толассыз жаңбырдан Шымкент көшелерін су басты

358

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 17 мотопомпа, 66 адам, 14 техника су тарту және айдау жұмыстарына жұмылдырылды.

Толассыз жаңбырдан Шымкент көшелерін су басты Фото: видео скриншот

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Шымкент көшелерін су басты,  деп хабарлайдым inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеодан көліктердің жолда су кешіп өтіп жатқанын көруге болады. Яғни, қала жолдары жаңбыр суына толып қалған. Қазір Төтенше жағдайлар департаментінен 17 мотопомпа, 66 адам, 14 техника су тарту және айдау жұмыстарына жұмылдырылды. Олар қала көшелерімен қатар жеке үйлердің ауласына кіріп кеткен суды айдау жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Желідегі жазбаға пікір білдірушілер жол жиегіндегі су арналарының дұрыс жұмыс істемейтінін айтып жатыр.

Олардың ішінде "Жақында қайық аламыз", "Жаяу жүргіншілерге қиын", "Кәріз жүйесін дұрыс жүргізбегендіктен", "Су ағатын арық не үшін жасалмаған", "Тегін автомойка" деген жазбалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу