Толассыз жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

841

Мегаполис тұрғындары желіде жауын-шашынның салдары жайлы бейнежазбалармен және фотосуреттермен бөлісуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Толассыз жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматылықтар әлеуметтік желілерде жауын-шашынның салдарынан жолдарды су басып, адамдардың жаяу жүргіншілер өткелдерінен өте алмай тұрған бейне жазбаларын жариялауда. 

Айта кететіні, қалада нөсер жаңбыр 25 сәуір таңертең басталды. Оқиға куәгерлері Жәңгір хан көшесі, Момышұлы-Жұбанов көшелерінің қиылысы, Достық-Абай даңғылы, Абай-Алтынсарин даңғылы және басқа да учаскелер мен аудандардағы жағдайларды баяндауда. 

Ал Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер толассыз жауған жаңбырдың салдарын жоюды жалғастырып жатқанын хабарлады.  

Бұған дейін синоптиктер қала тұрғындарына 25 сәуірде нөсер жауатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ, күндіз қалада бұршақ жауып, күн күркіреп, таулы аймақтарда жаңбыр мен жел күтілетіні хабарланған.  

“Қалада және тауларда жел күшейеді. Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыздар”, – деп ескертті ТЖД.   

Бұған дейін әкімдік қалада су басу қаупі жоғары 56 аумақ бар деп мәлімдеген болатын. Шаһардың әр ауданындағы бұл мәселені шешу үшін арықтарды жөндеу және салу, сондай-ақ дренаждық коллекторларды қайта құру жоспарлануда. Қала аумағында 16 коллектор болса, оның 12-сі иесіз қалған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу