Толассыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты

568

Қалада түні бойы жаңбыр жауып жатыр, ал Шымбұлақта қар жауды.  

Толассыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда бірнеше күннен бері жауған жаңбыр салдарынан қаланың төменгі жағында орналасқан аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні шамадан тыс жауын-шашын тіркелген: қалада жаңбыр, тауда қар жауды. Шымбұлақта 20 сантиметрге дейін қар түскен.

"Төтенше жағдайлар департаменті желісі бойынша су басу бойынша шағым  түспеген. Алайда проблемалық учаскелерде, әсіресе Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қала бойынша барлығы 52 техника, 27 мотопомп, 104 жұмысшы жұмылдырылды.

Ал синоптиктердің болжамынша, қалада жаңбыр 25 қарашада тоқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу