Толассыз жауын диқандардың жұмысына кедергі келтіруде

750

Толассыз жауын диқандардың жұмысына кедергі келтіруде

Қостанай облысында толассыз жауған жауын егіс жұмыстарына кедергі болуда, деп хабарлайды 24.kz.

Мамыр айының соңғы онкүндігінде бір айлық нормаға тең ылғал түскен.

Өңір диқандары көктемгі науқанды 3 маусымда аяқтауды жоспарлаған еді. Алайда бүгінге дейін 3,9 млн гектар алқапқа ғана дән сіңірілген. Бұл – жалпы көлемнің 86 пайызы. Аймақтағы ахуал әртүрлі. Оңтүстіктегі Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандарында тұқым себіліп болса, Әулиекөл, Наурызым, Қарасу, Федоров аудандары аяқтауға жақын. Өңірдің теріскейіндегі диқандар ауа райының қолайсыздығынан амалсыз тұсалып тұр.

"Сарыкөл, Ұзынкөл, Таран, Қарабалық аудандарындағы жағдай қиын. Мамандар жауын-шашын 4 маусымға дейін созылады деп отыр. Одан соң танаптар дегдіп, техникалар жұмысқа кіріскенше кемі екі күн кетеді. Мұндай жағдай 2014 жылы болған еді. Онда егіс жұмыстары маусым айының 15-іне дейін созылған еді", - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Сәлімжан Есенаманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу