ОҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

1236

ОҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында қыс мезгілінде зақымданған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын асфальт-бетонмен жамау жұмыстары аяқталу үстінде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Көктем мезгілінің күн жылынған алғашқы уақыттарынан басталған жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жолдарды ретке келтіру жұмыстары ауданішілік 12 көшеде аяқталған.

Төлеби аудандық Тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары атқарып жатқан жұмыстарға 5 бірлік арнайы техника мен 22 жұмысшы толықтай жұмылдырылып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылдың шілде-тамыз айларында аудан орталығы Леңгір қаласындағы орталық Төлеби көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу