Төле би көшесін ұзарту бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленуде

706

Үш ірі жол айрығының құрылысы жалғасуда. 

Төле би көшесін ұзарту бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленуде

Бұл туралы Алматыдағы жол инфрақұрылымын дамытуға байланысты онлайн брифинг барысында  қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан мәлім етті. 

"Үш көлік жол айрығы құрылысы жалғасуда. Атап айтсақ, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі, Бұхтырма көшесі мен Құлжа күре жолының қиылыстарында. Сонымен қатар Абай даңғылы мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары жалғасуда", – деген спикер Алматының 9 шағын ауданында жалпы ұзындығы 118 шақырым жол мен "Думан" ықшам ауданындағы жолдарды толық жөндеу бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын хабарлады. 

"Бұған қоса Төле би көшесін ұзарту бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы шаһардағы жолдар инфрақұрылымын және көшелерді жөндеуге 21 мердігер ұйым жұмылдырылған. Оның ішінде 4 мың 100 жұмысшы, 1 мыңнан аса арнайы техника бар", – деді басқарма басшысының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу