Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, 4 көпірді су шайып кетті

1306

Қасқасу ауылындағы малдар суға кетіп, тұрғын үйлердің ауласын су басты.  

 Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, 4 көпірді су шайып кетті

Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы көпірлерді су шайып кетті, деп хабарлайды Облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Табиғи апат бүгін сағат 16:30 шамасында орын алған. Қатты жауған нөсер жауын салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, жан-жаққа жайылған.

"Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. 4 тана және 4 қой суға кетті. Екпінді ауылындағы 4 үйдің ауласына су кірді. Оқиға орнына ТЖД 36 жеке құрам, 5 матопомпа 3 дана техника жұмылдырылды. Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елдімекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі және нөсер жауын жоқ" делінген хабарламада.

Ал, аудан әкімдігі тарапынан құрылған жедел жұмыс тобы судан келген қауіптің алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда.

"Оқиға орнына аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы барып, жағдай барысымен танысты. Қасқасу ауылының тұрғындар үшін жанама көпір арқылы өту жолдары қарастырылды. Қазірден бастап көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды" делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу