Төлеби ауданында су кірген 38 баспана сүріледі

1074

Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн теңге бағытталмақ.

Төлеби ауданында су кірген 38 баспана сүріледі

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылды, деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметі.

Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр. 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматар үш мезгіл тамақпен қамтылып, оларға барлық қажетті жағдай жасалынуда.Сондай-ақ, ол зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынатындығын айтты.

Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн теңге бағытталмақ.

Төлеби ауданы әкімдігі жалпы құрылыс жұмыстарын 2 ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу