Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы салынады

958

Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев индустриялды аймақтан кәсіпкерлерге жер телімдерін беру мақсатында жер көлемі 74,5 гектар болатын 10 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірде  11 индустриялды аймақ құрылған. Аталған индустриялды аймақтарда бүгінде құны 199,2 млрд теңгені құрайтын 170 жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, бұл аймақта құны 8,6 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы құрылысы. Ол үшін аймақтан көлемі 30  га болатын  жер учаскесі бөлінді. Сондай-ақ, қабырға тасын өндіру үшін Сарыағаш ауданынан 18,5 га, ал индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, шыны өңдейтін зауыт құрылысын салу, кеңсе жиһаздарын өндіру цехы үшін жалпы 26 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу