Төлем балансының тапшылығы 1,2 млрд доллар болды

783

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев I тоқсанда төлем балансы тапшылықпен қалыптасқанын мәлімдеді. 

Төлем балансының тапшылығы 1,2 млрд доллар болды  Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, төлем балансы ақша эквивалентінде  1,2 млрд долларға кем болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тауар экспортының 19,9%-ға немесе 2,9 млрд АҚШ долларына төмендеуі және импорт ағынының 7,6 млрд АҚШ долларына дейін немесе 4,8%-ға өсуіне байланысты төлем балансы 1,2 млрд доллар көлеміндегі тапшылықпен қалыптасты", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының түсіндіруінше, тауар импорты азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауар көлемінің ұлғаюы есебінен өсті. 

"Автокөлік, киім-кешек және компьютер сияқты тауарларға сұраныс артты. 
Тауардың осы тобына қатысты ақша айналымы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 458 млн долларға көп болды", – деді бас банкир. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу