Төлем карталарынан қолма-қол ақшаны алу көлемі азайды

720

Бұған сәуір айындағы карантин шаралары әсер етті.

Төлем карталарынан қолма-қол ақшаны алу көлемі азайды

Соңғы айда көрсеткіш 1 трлн теңгеге жетті, 2019 жылдағыдан 23%-ға кем. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады. Ал наурыз айында қолма-қол ақшаны алу көлемі былтырғымен салыстырғанда 8%-ға өскен еді. 

Visa мен MasterCard карталары арасындағы алшақтық көлемі бір жылда 503 млрд-тан 262 млрд теңгеге дейін кеміді. 2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында Visa карталарынан ақшаны шығарып алу 8,6%-ға азайып, 2,4 трлн теңге болды. Ал MasterCard бойынша 0,9%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Мұндай қысқарулар карантин енгізілген ірі қалалар: Нұр-Сұлтан мен Алматыда байқалып отыр. Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарында, керісінше, өсім тіркелді.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған карталардан қолма-қол ақшаны шығарып алу көлемі 4,8 трлн теңгеге жетті. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға көп. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу