Төлемдердің пайызы азаятын болды

986

Төлемдердің пайызы азаятын болды

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Ұлттық экономика министрлігімен жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударатын төлемдерінің пайызын азайту туралы келісімге келді, деп ақпарат таратты palata.kz.

Бұл туралы КҰП қызмет көрсету саласы департаментінің директоры Жанна Оспанова "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдалым барысында айтты.

Ол КҰП ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізгеніне тоқталды.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы КҰП-тың қарауына 2 мәрте келіп түскен. Онда Қазақстан Республикасының 18 заңы мен 7 кодексіне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу қарастырылған.

"Желтоқсан айында  КҰП-тың кәсіпкерлерге салынатын салықтық жүктемені оңтайландыруға қатысты ұсыныстары бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігі қосылды. Мәселе мынада міндетті зейнетақы жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне аударым жасау міндеттемелері қатар енгізілгендіктен, 2020 жылға қарай жұмыс берушінің де, жұмысшының да еңбекақы төлеу қорына жалпы жүктемесі 50% болады, яғни 2016 жылмен салыстырғанда, 14%-ға артады. Жүргізілген жұмыстың басты жетістігі – жұмыс берушілердің аударымдарының  %-дық мөлшерлемелерін азайту жөніндегі Ұлттық экономика министрлігімен жасалған келісім", – деп есептейді Жанна Оспанова.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес, жұмыс берушілердің МӘМС жүйесіне аударатын төлемдері 2017 жылы 2%-дан 1%-ға дейін, 2018 жылы 3%-дан 1,5%-ға дейін, 2019 жылы 4%-дан 1,5%-ға дейін, 2020-2021 жылдары 5%-дан 2%-ға дейін, 2022 жылы 3%- ға дейін азаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу