Төленген айыппұлдар мәліметтер базасынан автоматты түрде өшеді

1284

Төленген айыппұлдар мәліметтер базасынан автоматты түрде өшеді

Елімізде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі пайда болады. Бұл жайында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жариялады. Оның мәліметінше, егер төлем банк бөлімшесі арқылы немесе басқа да жерларде жасалатын болса, онда төлемнің жасалғандығы туралы ақпарат бірден үлгілік базаға түсіп, азаматтан ол автоматты түрде алынатын болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің бірінші кезеңі - бұл жол полиция қызметкерлерінің хаттама жазуын автоматтандыру процесі болмақ.

Бағдат Мусин, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы:

"Елімізде әкімшілік айыппұлдарды дұрыс есепке алу мәселесінде үлкен проблема бар. Мәселен, тұлғаларға жазылған хаттамалар мәліметтер базасына дер уақытында енгізілмейді немесе қатемен енгізіледі не болмаса жоғалып кетеді... Сондықтан барлық әкімшілік жазалардың үлгілік базасы болуы тиіс әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін құру туралы шешім қабылдадық"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу