"Шымкентсыра" ЖШС басшысы Тоқтар Төлешовке тағылған айып қызметін асыра пайдалануға ауыстырылды, деп мәлімдеді сотталушының қорғаушысы Мархаба Жакупова.
"Тоқтар Төлешовты енді пара алғаны үшін емес, қызметін асыра пайдаланғаны үшін соттауда. Айыптауды қайта өзгерту туралы өтініш берілді. Менің қорғауымдағы адам декларация толтырмаған, бухгалтерінің кіммен жұмыс жасағанын, не істегенін білмеген, сонымен қатар ол ұстағаннан кейін 1 млрд теңгені рәсімдеп үлгермеген. Сондықтан қазір оған ҚР ҚК 250 бабы – "Қызметін асыра пайдалану" айыбын тағуда", - деді М.Жакупова жұма күні телефон арқылы.
Еске салсақ, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет еткені үшін сотталған Т.Төлешовке ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, сотталушының орындығында тағы 8 адам отыр: олардың ішінде сыра зауыты мен мемкіріс департаментінің қызметкерлері бар.
Хабарда айтылғандай, кәсіпорын бухгалтерлері процессуалдық келісім жасау туралы өтініш берген. Олар өз кінәлерін толығымен мойындады. Дәл осындай өтінішті Т.Төлешовтың экс-әріптесі Алексей Носков та берген. Оған Т.Төлешовпен бірге сыраның миллионнан астам литрін есептен жасырған деген айып тағылды.
Сот процесі 20 қыркүйекте жалғасады.