Төлешовке тиесілі болған нысандар қалалық әкімдіктің меншігіне өтті

745

Төлешовке тиесілі болған нысандар қалалық әкімдіктің меншігіне өтті

Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Сыра королі" атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған "Фосфоршылар сарайының" тағдыры жақында  шешілмек. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үй тұрғызылатын болады.

Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.

"Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады", - деді Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу