"Сыра королі" атанған шымкенттік олигарх Тоқтар Төлешовтің тәркіленген көліктері 50 пайызға арзан бағамен сатылмақшы. Электронды сауда қыркүйектің 5 күні өтеді деп жоспарланған.
Естеріңізге салайын, бұған дейін жалпы құны 73 млн 496 мың теңгені құрайтын 5 көлік сатылымға шығып, алайда оларды сатып алуға ешкім ниет білдірмеген. Госреестр кз сауда алаңында қойылған көліктердің бағасы мынандай: Mitsubishi GT 1 млн 83 мың теңге. Bentley болса 13 млн 703 мыңға бағаланып отыр. Ал, сауда түсетін Ролс Ройстың құны 40 млн 150 мың теңге. Жол талғамайтын GMC көлігі 6 млн 527 мыңға бағаланып отыр. Айта кетейін, электрондық саудаға қатысу үшін белгілі мөлшердегі жарна көлемін төлеу керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу