Төлеутай Рахимбеков ет бағасының өсу себебін түсіндірді

1130

Төлеутай Рахимбеков ет бағасының өсу себебін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі  Төлеутай Рахимбеков ет бағасының өсу себебін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 7kun.kz

Төлеутай Рахимбекбовтың айтуынша,  біреулер ет бағасының қымбаттауын  алдағы уақыттағы ет өнімін экспорттаумен байланыстырады. Ел ішінде тараған сөзге сүйенсек, ет экспортына жол ашылғанан кейін шаруалар мал союды күрт төмендеткен. Бұған дейін ірі-қара мал ауруларының салдарынан ет экспортына тыйым салынған болатын.

"Отандық телеарналардың бірінде базар саудагері қой  еті бағасына 600 теңге қосылғанын айтқан сюжет көрсетілген болатын. Саудагер өнім бағасының шарықтап кеткенін, еттің бәрін Қытайға тасымалдауымен байланыстырған. Осындай алып-қашпа сөздердің  кесірінен ет бағасының өсуі қоғамда талқыға түсті. Шындығына келгенде,  ет бағасының экспортқа және  мал ауруына байланысты  салынған  тыйымның алып тастағанға ешқандай қатысы жоқ!", — дейді Төлеутай Рахимбеков.

Вице-министр көктем маусымында ет бағасының өсуіне ықпал еткен нақты себептерін атап көрсетті:

- Көптеген отбасылардың күзде, қыста дайындағын соғымдары көктемде бітеді. Көктемде ірі қара мал сою ерте, ал, қозы-лақтар әлі кішкентай. Міне, осы себепті соңғы  15 жылда  көктемде жыл сайын кезеңдік ет өнімінің өсімі болып тұрады.
- Өткен жылдың соңынан бастап теңге/рубль курсына байланысты солтүстік облыстарда Ресейге ет тасымалданады. 2014 жылы керісінше болған. Шаруалар Ресейден төмен бағамен әкелінген өнімге наразылық білдірген болатын.  Маусым, шілде айларында  ет бағасы тұрақтанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу