Төлеутай Рахымбеков ҚР президенттігіне кандидат куәлігін алды

1458

Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты қолдап, Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 309 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 754-і рас деп танылды.

Төлеутай Рахымбеков ҚР президенттігіне кандидат куәлігін алды

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда қаулылар жобасы қаралды.  

Бірінші қаулы жобасы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов  баяндама жасады. Оның айтуынша, "Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың талап етілетін құжаттары тапсырылған. Сондай-ақ лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Орталық сайлау комиссиясы үміткерді Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес деп тауып, оған азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілген.

"Президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты қолдап, Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 309   азаматтың қолы жиналды, олардың 120 754-і рас деп танылды", –­ деді Ақылбек Ихданов.

Баяндаманы негізге ала отырып, жиналғандар "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты ҚР пезиденттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы" қаулыны қабылдады.

Қаулыға сәйкес, Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков кандидат ретінде тіркеліп, оған тиісті куәлік берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу