Семей қаласының жаңа төлтаңбасына байқау жарияланады. Қаланың жастар ұйымы осындай бастаманы қолға алып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жуықта төлтаңбаның сызбалары мен нұсқаларының байқауы жарияланып, ұсыныстар қабылдана бастайды.
Байқау қорытындысы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шығарылады. Төлтаңба авторларына қойылатын негізгі талап — қаланың тарихы мен бүгінгі келбетін ұштастыру.
"Елімізде мемлекеттігімізді білдіретін бір ғана елтаңба бар. Біздің мақсат оны алмастыру немесе оны жоққа шығару емес. Байқау елтаңба емес, қаламыздың төлтаңбасын жасауға арналған. Келіп түскен жобалар бойынша қорытындыны қалалық және жастар мәслихаты, қоғамдық кеңес шығарады",-дейді жобаның үйлестірушісі Жасұлан Құрманғалиев.