Томас Шенон ЭКСПО-дағы АҚШ орналасатын павильонмен танысты

1288

Томас Шенон ЭКСПО-дағы АҚШ орналасатын павильонмен танысты

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұйымдастырушылық кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Альфред Шенон басқарған АҚШ делегациясы келді. Бұл туралы компания баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап, кейіннен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.

"Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл алғашқы ресми кездесуім, демек ол біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон", – деді  Томас Альфред Шенон.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызды элементі ретінде қарастырылуда. Қазақстан үшін бұл - жаһандық, оның ішінде энергетика саласында ойыншы ретінде көрсететін үлкен мүмкіндік.

Өз кезегінде, Ахметжан Есімов АҚШ көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті.

"Биылдың өзінде мен 2 мәрте АҚШ-та болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл жаңа технология мен заманауи ғылыми жасампаздарды дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет", - деді ұлттық компания басқармасының төрағасы.

Кездесу соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша процедуралық мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу