Төмен байытылған уран банкі ашылды

1752

Төмен байытылған уран банкі ашылды

Қазақстанда аз байытылған уран банкі ашылды. Шығыс Қазақстанда іске қосылған қаржы институты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке қарасты. Ал Астанада банк кілтін президент Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға табыстады. Сондай-ақ, жиында елбасы ядролық қаруға ие елдердің саммитін ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

Мемлекет басшысы мәлімдегендей аталмыш мәселе әлемді алқымындап тұрған ауқымды проблема. Сондықтан жарылыс сынақтарын болдырмау туралы бүкіләлемдік келісімді барлық ел қолдауы тиіс. "Алайда кейбір елдер құжатқа әлі де қол қоймай отыр. Ядролық қарулары бар алып үш ел АҚШ, Қытай және Ресейдің өзара келісімдері осы арадан бастау алуы мүмкін деді",- президент.

Айта кетейік, банктің аумағы 900 шаршы метрге жуық және 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп беруге қауқарлы. Ал ондағы аз байытылған уран қалыңдығы 13 милиметрлік берік болат цилиндрлерде сақталады. Шикізаттың жалпы көлемі 90 тоннадан аспайды. Дәл қазір әлемде бұл банктің баламасы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу