Төмен байытылған уранның алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

1429

Қазақстандағы АЭХА-ның төмен байытылған уран банкі сақтауға материалдың алғашқы партиясын қабылдады.

Төмен байытылған уранның алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

2019 жылғы 16 қазанда Өскемен қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қазақстандағы Төмен байытылған уран банкіне төмен байытылған уранның (ТБУ) алғашқы партиясын  жеткізу рәсімі өтті.

АЭХА ТБУ банкінде атом электр станцияларында стандартты жеңіл су реакторында отын өндіруге жарамды 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады. ТБУ бұл қоры радиоактивті қалдық емес, халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді және АЭХА-ға мүше мемлекеттер саяси себептермен дәстүрлі отын жеткізілімінің тоқтатылуына ұшыраған жағдайлар үшін қарастырылған.

Айта кетсек АЭХА ТБУБ үшін материалдарды жеткізушілер – қазақстандық "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және француздық "Орано-Цикл" компаниясы.

Қазақстан мен АЭХА арасында АЭХА ТБУБ құру туралы құжаттарға қол қою рәсімі 2015 жылы тамызда АЭХА бас директоры Юкия Аманоның елордаға сапары кезінде өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу