Төменгі Тагилде газ жарылысынан бір адам қаза тапты

214

Тоғыз адам зардап шекті, оның ішінде бесеуі балалар. 

Төменгі Тагилде газ жарылысынан бір адам қаза тапты Фото: РБК

Төменгі Тагилдегі газ жарлысынан үйдің бір подъезді толық құлаған кезде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыс кезінде тоғыз адам, оның ішінде бес бала зардап шеккен.

"Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. 170 адам мен 45 арнайы техника жұмылдырылды", – деді Свердлов облысы бойынша РФ ТЖМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Владимир Пургин.

Төменгі Тагилде Сібір көшесіндегі көп қабатты үйде газ атылып, кіреберіс толық құлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу