Төменгі Тагилде құлаған үй астынан екі адамның денесі табылды

155

Іздестіру жұмыстары аясында 14 адам құтқарылды. 

Төменгі Тагилде құлаған үй астынан екі адамның денесі табылды Фото: focus.ua

Төменгі Тагилдегі құлаған үйдің орнында іздеу жұмыстары басталғалы құтқарушылар үйінділерден 14 адамды, оның ішінде сегіз баланы алып шықты. Бұл туралы Ресей ТЖМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Үйінділерден барлығы 14 адам, оның ішінде сегіз бала шығарылды. Өкінішке орай, екі адамның денесі өлі күйінде табылды",-делінген ведомствоның Telegram-арнасында.

Ресей ТЖМ психологтары 24 жағдайда көмек көрсетті. Сенім телефонына 41 өтініш түсті. Оқиға орнынан 120 тоннаға жуық құрылыс қоқысы шығарылды. Іздестіру-құтқару операциялары тәулік бойы жүргізіледі.

Төменгі Тагилдегі Сібір көшесіндегі тұрғын үйдің екі кіреберісі құлағанын еске саламыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі газдың жарылуы болды. Дзержин ауданында ТЖ режимі енгізілді. Соңғы мәліметтер бойынша, 16 адам, оның ішінде сегіз бала зардап шекті. Зардап шеккендердің бесеуі ауыр жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу