"Томирис" фильмін түсіруге қанша қаражат жұмсалды

2275

Фильм 27 қыркүйектен бастап прокатқа шығады.

 "Томирис" фильмін түсіруге қанша қаражат жұмсалды

"Томирис" фильмін түсіру үшін 2,2 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Арман Әсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Томиристің" бюджеті өте ақылға қонымды. Мазмұны мен тарихи ауқымы жағынан өзіне үндес "Гладиатор", "Батыл жүрек", "Аспан әмірлігі" фильмдерімен салыстырғанда ондаған есе аз. Бүкіл түсірілім Қазақстан аумағында өтті. Бұл да үлкен үнем болғанын айту керек. Отандық фильмдермен салыстырсақ, "Анаға апарар жол", "Қазақ хандығы" фильмдерінен де арзан. Қазақ киносының тарихындағы ең қымбат жоба "Көшпенді" фильмі болғанын білесіздер. Ол кезде шетелден көптеген актерлер шақырылғанын білесіздер. Шетелдік мамандарды шақыру өте қымбатқа түседі. Оны "Қазақ хандығы" фильмін түсіргенде көрдік. Жалпы, "Томирис" фильмін түсіруге 10 млн долларға жетпейтін қаржы жұмсалды. Теңгеге шаққанда 2,2 млрд теңгеден сәл ғана асады. Бұл туынды толығымен мемлекет қаржысына, мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілді", – деді Арман Әсенов.

Айта кетсек, бүгін киносүйер қауым 2,5 жыл күткен "Томирис" фильмінің алғашқы көрсетілімі Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ал Қазақстан бойынша прокатқа 27 қыркүйек күні шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу