"Томирис" фильміндегі алқа бәссаудаға қойылады

1283

Лоттардың бастапқы құны 500 доллар мен 2 мың доллар төңірегінде.   

"Томирис" фильміндегі алқа бәссаудаға қойылады

8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда дәстүрлі түрде өтетін қысқы қайырымдылық балы ұйымдастырылмақ. Биылғы жылы аталған шараның аукционындағы басты лоты "Томирис" тарихи драмасындағы әшекей болмақ. Бұл туралы "Болашақ" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова хабарлады. 

"Биылғы аукционның негізгі лоты Томиристің мойнына таққан қола алқасы. Ол жалғыз данада жасалған берегей әшекей. Патшайымның тақта отырған көрінісінде дәл осы алқа мойнында болды. Ол біздің заманымызға дейінгі 4 ғасырдағы сақ патшалары таққан әшекей бұйымның көшірмесі",– деді Динара Чайжунусова Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз маслихатында. 

Оны бәссаудаға "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын тапсырған. 
"Бұл әшекейдің құны күн санап артады. Меніңше көпшілікке тарихта өзіндік орны бар алқаны алу қызық болады",– деді Альмира Тұрсын. 

Бұдан бөлек қайырылымдылық балының аукционына Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггер, танымал әнші Алишей Киз, атақты спортшы Хабиб Нұрмагомедов қол қойған түрлі заттар шығарылмақ. Лоттардың бастапқы құны 500 доллар мен 2 мың доллардың төңірегінде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу