Картина ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Сатайфильм" компаниясының қатысуымен "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.
Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева. Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан кек алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу