"Томирис патшайымды" мектепке шақырып, дүркіретіп күтіп алған директор жұмысынан қуылды

1072

Жамбыл облысы Тереңөзек ауылында өзін "Томирис" деп атайтын балгер Гүлсара Көпбаеваны мектепке шақырып, кездесу өткізгеннен кейін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Томирис патшайымды" мектепке шақырып, дүркіретіп күтіп алған директор жұмысынан қуылды Фото: Бейнежазбадан

Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылы әкіміне қатаң сөгіс берілді.

Емшіні мектеп басшылығы арнайы күтіп алып, салтанатты шара ұйымдастырып, оған ақша жинап берген.

Әкімдіктің мәліметінше, өзі сол мектептің түлегі болғандықтан жыл сайын туған жеріне сапарлауды дәстүрге айналдырған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу