Томографиялар мен жасанды өкпе желдету аппараттары сатып алынады

1285

Нұр-Сұлтан әкімі мекемелердің науқас қабылдайтын стационар ретінде қайта жабдықталатынын хабарлады.

Томографиялар мен жасанды өкпе желдету аппараттары сатып алынады

Келесі аптада елордада қосымша 200 төсек-жабдық беріледі және өзге мекемелер науқас қабылдайтын стационарға бейімделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

"Дүйсенбіден бастап, қосымша 200 төсек-жабдық беріледі. Өзге де мекемелерді науқас қабылдайтын стационарға бейімдейміз. Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic сынды республикалық клиникалармен компьютерлік томография жүргізу жөнінде емханалармен байланысу келісіміне қол қойылды. Бұл пневмонияны бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, қосымша томографиялар мен жасанды өкпе желдету аппараттарын сатып аламыз",  – деп жазды әкім өзінің instagram парақшасына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу