Томскіден Қарағандыға жүретін жолаушы тасымалдау пойыздары 9 желтоқсаннан бастап жүре бастайды. Ол жайлы хабарландыру "Томск-1" вокзалында пайда болды.
Жол жүру уақыты шамамен екі тәулікке созылады. Пойыз Новосібір, Барнаул, Кулунда ауылы секілді ірі станцияларда аялдайтын болады.
Әзірге аталмыш пойыз қай күндері және қаншалықты жиі жүретіні белгісіз. ТМД елдеріндегі бекеттерге аттану бойынша ақпарат 45 күн бұрын жарияланатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу