"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығының өндірістік қорытындысын шығарды.
Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 21 млн 353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 394 мың тоннаға көп.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға кеміп, 8 млн 816 мың тоннаны құрады. Оның ішінде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-на 2 млн 857 мың тонна мұнай, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-на 2 млн 767 мың тонна мұнай, "Павлодар мұнай - химия зауыты" ЖШС-на 2 млн 776 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС-на 415 мың тонна мұнай жеткізілді.
"Өзен - Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішінен 713 мың тоннаға көп.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 454 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға көп.
"Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырына 5 млн 509 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 204 мың тоннаға кеміді.
"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 190 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 640 мың тоннаға артық.
Ақтау портындағы танкерлерге "ҚазТрансОйл" АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю 1 млн 639 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 583 мың тоннаға артық.